Тоқтар Әубәкіров-75 жыл
Жас кезінен ұшқыш болуды армандаған Тоқтар, қазақтың тұңғыш ғарышкері ретінде елге белгілі болды.
Болашақ ғарышкер 1946 жылдың 27 шілдесінде Қарағанды облысында дүниеге келген. Мектептің 8 сыныбын аяқтап, Теміртау құю-механикалық зауытында токарь болып жұмыс істеді. Бұл жылдары Юрий Гагарин адамзат тарихында алғашқы рет ғарышқа ұшып, бүкіл әлемді таңдандырды. Мыңдаған балалар оның ерлігін қайталағысы келген, солардың қатарында Тоқтарда болды. Өз арманын іске асыру үшін, 1965 жылы Армавир жоғары әскери авиация мектебіне оқуға түсіп, оны 1976 жылы бітірді. Содан кейін, мамандығы бойынша Ұлан-Удэ авиациялық зауытында және А.Микоянның конструкторлық бюросында ұшқыш-сынаушы болып қызмет атқарды. Жұмыс барысында 50-ден астам ұшақтың түрін игерген. 1988 жылы МИГ-31 ұшағымен тұңғыш рет Солтүстік полюске рейс жасады. Ал, 1989 жылы МИГ-29 авиатасымалдағышын әуеге көтере алды. Осы еңбектері үшін, Тоқтар Әубәкіровке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Билік өкілдері оның жетістіктерін жоғары бағалап, 1990 жылы Әубәкіровке ғарышкер болуға ұсыныс жасады. Тоқтар өз келісімін берген соң, оның кандидатурасы бір жылдан кейін бекітілді. 1991 жылы 2 қазанда экипаж командирі Александр Волковпен және зерттеуші Франц Фибекпен бірге, «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты. Бір апта бойы «Мир» орбиталық кешенінде жұмыс істеп, 1991 жылы 10 қазанда Жерге оралды. Ғарышта болған жалпы уақыты – 7 күн 22 сағат 13 минут. Қазақстан егемендік алғаннан кейін, ел игілігі үшін Отанға қызметін жалғастырды. Саяси және қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, 1995 жылы «Халық қаһарманы» атағына ие болды. Ссылкасы:https://www.instagram.com/p/CR3fpz_pc1e/?utm_source=ig_web_copy_link
Opmerkingen