top of page

10 ТАМЫЗ – АБАЙ КҮНІ

🖋Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиеті және әдеби тілінің негізін салушы – Абай Құнанбайұлы 1845 жылы 10 тамызда Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келді. 📃Абай Құнанбаев қазақтар арасында орыс және еуропалық мәдениеттің таралуына өз үлесін қосқан⤵️

📚Абайдың дүниетанымының қалыптасуына гуманистік идеяларды ұстанған шығыс ақындары мен ғалымдары (Фирдауси, Әлішер Науаи, Низами, Физули, Ибн Сина және басқалары), сонымен қатар орыс классиктерінің шығармалары және солар арқылы жалпы Еуропа әдебиеті әсер етті. Крыловтың, Лермонтовтың, Пушкиннің, Гете мен Байронның шығармаларын аударған.

📝Абай өлеңдері бай философиялық, күрескерлік қасиетке ие. Ол ең алдымен қазақтың телегей – теңіз ауыз әдебиетінен сусындап, батырлар жыры мен ғашықтық жырларының үрдісіне мұрагерлік етті.

Абай жалғыз қазақ халқының ұлы емес, адамзаттың ардағы десек артық айтқандық болмас. Әлем халқы мойындаған дара тұлғаны қай жағынан әспеттесек те, біздің елдік, ұлттық парызымызды орындағанымыз деп білеміз. Кітапхана окырмандары Бейбарыс,Жанель,Диас Абай Құнанбаевтын өлендерін мәнерлеп оқып берсе, Мансурова Ксения Абайдын 12 қара сөзін жатка айтып берді. "Абай мұрасы— ұлт байлығы" кітап көрмесімен таныстырылды. Ссылкасы:https://www.instagram.com/p/C-cG_e0MIh0/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==




Comments


Избранные посты
Проверьте позже
Когда посты будут опубликованы, вы увидите их здесь.
Недавние посты
Архив
Поиск по тегам
Тегов пока нет.
Мы в соцсетях
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square
bottom of page