30-тамыз Қазақстан Республикасының Конституция күні.
- Бұрма Кітапханасы
- 11 окт. 2024 г.
- 1 мин. чтения
30-тамыз Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай «Констиуция тәуелсіздіктін алтын діңгегі» атты құқықтық сағат өткізілді. Мақсаты; Оқырмандарға Ата Заңымыз, адам құқықтары туралы түсінік беру, өз міндеттері мен құқықтарын білуге үйрету, өзіндік шешім қабылдай алу әрекеттерін дамыту. Құқықтық сауаттылыққа және Отанын сүйетін ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу. Ата Заңымыздың еліміздің арайлы азаматтығымызды айнымас айғағы, жарқын болашағымыздың бұлжымас бағдары екені, өз еліміздің алтын арқауы, толағай табыстарымыздың бастау қайнары болып саналатыны атап көрсетілді. «Конституция-біздің асқақ абыройымыз» Конституция кемел келешектің кепілі. Ата Заңымыздың қабылдануы, мемлекеттік рәміздеріміз Елтаңба, Туымыз бен Әнұранымыздың бекітілуі, ұлттық валюта теңгенің енгізілуі Қазақстан мемлекетінің қалыптасуының аса маңызды кезеңдері болды. Әрбір азаматы өзін тең сезінетін, татулығы жарасқан қазақ елінің, Қазақстан халқының қарымды істері бүгінде әлем жұртшылығы үшін үлгі-өнегеге айналды. Конституциясы –Қазақстаннның Ата заңы. Конституция 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданды. Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің қайнар көзі-өзінің егемендік құқығын баянды етті. Ата заң қабылданған күн 30 тамыз-мемлекттік мереке-ҚР Конституциясының күні деп жарияланды. Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртінші Ата заңы. Оның құрылымы кіріспеден, 9 бөлімнен, 98 баптан, көптеген тармақтардан тұратыны айтылды. "Ұлық тұтар—Ұлы Заң" кітап көрмесімен таныстырылды. Ссылкасы:https://www.instagram.com/p/C_PhT_YNt7d/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Недавние посты
Смотреть все"Кітап Тайм - 2024” ІІІ жалпы республикалық фестиваль аясында "Ғажайып кітап әлемі" атты прайм—тайм (ашық есік) күні өткізілді. Мақсаты:...
Кітапханада "Туған жерге тағзым" жобасы аясында "Туған жерім киелі мекенім" тарих дөңгелегі өткізілді. Кітапхана қонағы Бұрма ауылынын...
コメント