Сайн Мұратбек
Жазушы Сайн Мұратбековтың "Жабайы алма" 1972 жылы жарық көрген повесі соғыс жылдарындағы ауыл өмірі, ауыр тұрмыс, қажырлы еңбек, адалдық пен адамгершілікті сөз ететін шығарма. Сұрапыл соғыс жылдарындағы қабырғасы қайысқан балалық шақтың ауыр тіршілігі қаз қалпында суреттеледі. Повестің түйіні жаманнан жиренуге, жақсыны үйренуге үндейді. Кейіпкерлер қандай қиыншылықтарға, тағдырдың талқысына түсседе, адамдық бейнені, адамгершілік қасиетті жоғалтпауға, өмірге деген үмітпен түңілмеуге, тағдыр тауқыметіне мойымауға, адалдық пен әділеттілікті баян етіп, адал жанын, таза ниетін бойында сақтап қалуға тырысады. Ссылкасы:https://www.instagram.com/p/CN7rQJ9pqNY/?utm_source=ig_web_copy_link
Comments