Мұхтар Әуезов 125 жыл
Қазақтың заңғар жазушысы, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойына орай Бұрма ауылдық кітапханасында "Қазақ әдебиетінің тарланы" атты оқырман конференциясы өтті. Конференция Мұхтар Әуезовтің шығармаларын насихаттау, жас оқырман қауымның шығармашылық қабілетін дамыту, олардың көркем және ғылыми—танымдық әдебиетке деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Конференцияны кітапханашы Алпысбаева С. ашып, алғы сөзді Шет аудандық ОКЖ директоры Нурпеисова М. С. берілді. М. Әуезов—халқының асқақ мұраттары жолына бойындағы бар жақсысын, күллі ғұмырын, дарын қуатын, терең танымын, білімі мен білігін аямай жұмсап, рухани ұстаз атану халқына ие болған арысымыздың өмірбаяны мен шығармаларына баяндама жасаған кітапханашы Ғибрат С., "Мұхтар Әуезовтың шығармаларындағы Абай мұрасы" баяндама жасаған С. Сейфуллин атындағы кітапхананың кітапханашысы Абеуова Айнұр. Абайдың "Ескендір" поэмасын мәнерлеп оқыған Қызметхан Гүлнұр. "Абай жолы" эпопеясына буктрейлер жасап, арнауын оқыған Бұрма тірек мектебінің қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Сейіт Наурызбай. "Көзімнің қарасы" әнін орындағандар Мансурова Ксения, Смагулова Айжан. М. Әуезовтің "Қараш—қараш" повестіне буктрейлерді Жарық кент мектебінің 11 сынып оқушысы Марбек Дильназ жасаса, "Көксерек" әңгімесіне буктрейлерді Игенов Рахат жалғастырды. "Ғұлама ғалым" кітап көрмесіне шолуды кітапханашы Алпысбаева С. жасады.
XIX ғасырдың асқар белі Абай болса, XX ғасырдың заңғар биігі —Мұхтар Әуезов. Конференцияға келген оқырмандармен "kahоot" ойыны ойнатылды. Әлемге Абайдай дананы танытып, өзі де қайталанбас бірегей тұлға болып танылған Мұхтардай ұлыға арналған оқырман конференцияға белсене қатысқан оқырмандарға "Алғыс хат" марапаттауымен аяқтадық. Ссылкасы:https://www.instagram.com/reel/CkAPtFwjeMp/?utm_source=ig_web_copy_link
Comentários