Ауған соғысы.
«Ауған соғысы: тарих, шындық, тағылым» Кеңес Одағының әскерлері 1979 жылы 27 желтоқсанда Ауғанстан шекарасынан өтіп, онда 1989 жылдың 15 ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді. Күш-жігері мен әл-қуаты мол, Отан алдындағы борышын адал атқарған және өз болашағына имандай сенген жас ұрпақ осынау үлкен саяси ойынның құрбандығына шалынды. Мыңдаған жас азамат жат елде жан тапсырып, мыңдаған қандасымыз ұрыс даласынан жарақатпен оралды. Азамат соғысының құрсауында қалған бауырларымыз 1989 жылдың 15 ақпанында Ауғанстан жерінен елге қайта бастады.
Соғыс бітті, алайда оның зардаптары мен жан жарасы соқпақты жолдардан өткен кешегі жауынгерлер үшін аяқтала қойған жоқ…Бұл күн – көңілде сызы, жүректе ізі қалған ауыр да азапты жылдар мен айларды, күндер мен сағаттарды еске алар күн. 15 ақпан Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылған күніне орай "Ұрпаққа ұлгі ерлік"кітап көрмесі қойылып «Ауған соғысы" атты әңгіме өткізілді.
Кештің мақсаты өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ата - ағаларымыздың ерлігін үлгі ету, Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу. Ссылкасы:https://www.instagram.com/p/CpPgzU1sysf/?utm_source=ig_web_copy_link
Comments