16 НАУРЫЗ - ШЕЖІРЕ КҮНІ
Бұл күні ел-жұрттың жеті атаның тарихы айтылып, шежіресі таратылмақ. Үлкендер жас ұрпаққа бата беріп, елдің, өлкенің тарихын, ерлігін баяндайды. Жеті ата қазақ халқының дәстүрлі салт санасындағы адамның ата жағынан тегі таратылуының нақты жүйесі. Жеті ата ұғымында ағайын арасындағы үзілмес бірлік, бұзылмас тектілік, тәрбие тәлімі өте зор. Қазақ халқы балаға 7-9 жасында әкесінен бастап ағайын-туысын, нағашы жұртын, алыс-жақынды таныстыруға, ататегін, руын, ел-жұртын білдіруге ерекше көңіл бөлінген, «Жеті атасын білген ұл жеті жұртқа жен айтар» деген аталы сөзді арқау етіп, баласына ата тарихын жастайынан жаттатқан. Ел-жұрт тарихын білу ер-азаматты ерлікке, елдікке, Отан сүюшілікке баулитынын білген. Кітапханада" Шежіре күніңе орай "Қазақ ата тек, шежіре бұтақ" әңгіме өткізілді. Ссылкасы:https://www.instagram.com/p/CbMfBEnM5Hj/?utm_source=ig_web_copy_link
Comments