top of page

16 желтоқсан-Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.

14 желтоқсан күні кітапханада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында «Тәуелсіз отаным —бақыт ордасы" дөңгелек үстел отырысы өтті. Аталмыш шараға Шет ауданы әкімінің орынбасары Орал Зәмірбекұлы, ауыл әкімі Нұрболат Акбарович, ауылымыздың ұстазы, желтоқсан ардагері Гульжан Кәдікенқызы, мектеп мұғалімдері, мәдениет және әкімшілік қызметкерлері қатысты.Алғы сөзде аудан әкімінің орынбасары Орал Зәмірбекұлы 1986 жылы жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандарын жете түсіндіріп, отанды сүюге, ана тілін, әдет-ғұрыпын сақтауға ақыл-кеңестерін, ізгі тілектерін білдіріп Гульжан Кәдікенқызына аудан әкімінің грамотасымен марапаттап, гүл шоғын табыстап, ыиғына камзол жапты. Ауыл әкімі Нұрболат Акбарович әкімшілік атынан гүл шоқтарын, сыйлығын табыстады. Бұрма тірек мектебінің ұстазы Майканова Сабира әріптесін мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Екінші бөлімде Тәуелсіздік күніне орай "Миллион кімге бұйырады" интеллектуалды ойыны ұйымдастырылды. Сұрақ- жауапқа үш ойыншы ат салысты. Бірінші ойыншы Абдикирова Шынар- қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі, екінші Балғабекова Гүлназия-орыс тілі мен әдебиет мұғалімі, үшінші Игенов Рахат- бейнелеу өнері мұғалімі. Үш ойыншыда сұрақтарға дұрыс жауап беріп, үш ойыншыда миллионер атанды.

"Тәуелсіздік—биік туымыз" кітап көрмесімен таныстырылды. Шараның негізгі мақсаты: Егемен еліміздің төл мерекесін атап өтіп, желтоқсан оқиғасының тарихы мен мәнін түсіндіріп, патриоттық сезім ұялатып, еліміздің болашағы үшін жан қиған азаматттарымыздың ерлігін дәріптеу болды.


Comentarios


Избранные посты
Проверьте позже
Когда посты будут опубликованы, вы увидите их здесь.
Недавние посты
Архив
Поиск по тегам
Тегов пока нет.
Мы в соцсетях
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square
bottom of page