top of page

1 шілде —Ұлттық домбыра күні.

1 шілде —Ұлттық домбыра күні. "Домбыра —асыл мұра" кітап көрмесі қойылып, "Домбыра қазақтың рухы, күйі hәм тілі" танымдық кеш өткізілді. Домбыра - қазақ халқының асыл қазынасы. Қос ішекті қара домбыраның үнінде Ұлы даланың тамыры терең тарихы мен сан ғасырлық шежіресі бар. Қазақтың киіз үйі, қара домбырасы және айтыс өнері әлем елдерінің ең ежелгі мұралары ретінде "ЮНЕСКО" тізіміне енгені белгілі. Табиғаттың үнін,тұлпардың дүбірін, адамның сырын шанағынан төгілткен домбыра енді жыл сайын ұлықталатын болады. Ғасырлар бойы қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне, қиын -қыстау күндеріне куә болған домбырадан артық халықтың күйін шертіп, мұңын айтар не бар! Оның бойында нағыз қазақилық түнып тұр. Оның бойында бүкіл қазақ тарихы, мұң-зары,қуаныш -қайғысы, өткені мен бүгіні бар.

Екі ішектен ғана тұратын музыкалық аспаптың ерекшелігіне шынымен таңданасың. Одан шыққан әсем әуеннің осынау екі ішекті аспаптан тарап жатқаны қайран қалдырады, ет жүрегіңді елжіретіп, көзіңе қазақтың ұлан-байтақ даласын, қазақтың дархан көңілін елестетеді. "Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра" - деп, ақынымыз Қадыр Мырзалиев жырлағандай, домбыра - қазақ халқы үшін жәй ғана музыкалық аспап емес, одан әлдеқайда биік тұрған киелі құндылық.

Ұлттық домбыра күні құтты болсын! Ссылкасы:https://www.instagram.com/p/Cfd0cXVrMZ5/?utm_source=ig_web_copy_link

留言


Избранные посты
Проверьте позже
Когда посты будут опубликованы, вы увидите их здесь.
Недавние посты
Архив
Поиск по тегам
Тегов пока нет.
Мы в соцсетях
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square
bottom of page